ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Бүгін - Ұлытау облыстық мәслихатының кезекті XXXV ші сессиясы өтті. Онда күн тәртібіне: өткен жылға арналған өңір бюджетінің сапалы атқарылуы мен 2021-2025 жылдардағы даму жоспарының іске асырылуы сынды мәселелер шығарылды.
Сессия отырысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмас Ыдырысов арнайы қатысты. Алдымен әдеттегідей күн тәртібі бекітіліп, сессияның есеп комиссиясының құрамы сайланды. Ал, 2025 жылдағы өңір бюджетінің қорытынды есебі жайлы облыстық қаржы басқармасының басшысы Жеңіс Қиянбеков кеңінен баяндады.
Бюджеттің кіріс бөлігінде оң динамика сақталғанымен, кейбір салада түйткілді мәселелер бар. Соның бірқатары: құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысында. Облыстық мәслихат төрағасы - алдын ала жоспарланған мерзімде құрылысы аяқталмаған нысандар бойынша қала-аудан әкімдері сынға алды.
Бұдан бөлек, сессияда аймақтағы экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 -2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары талқыланып, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


