ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Жезқазғанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды. Білім бәйгесіне жүзден жүйрік шыққан 286 оқушы қатысып, 124 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Республикалық олимпиада оқушылардың білімін шыңдап қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін ашып, жан жақтықолдауға бағытталған.Қатысушылар екі бағыт бойынша сынға түсті. Атап айтар болсақ: жаратылыстану-математикалық бағытында 134 оқушы бақ сынап, 55 оқушы жүлделі орынға ие болды. Ал, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 152 оқушы қатысып,оның 69-ы жеңімпаз атанды.
Оқушылар арнайы III, II және I дәрежелі дипломдармен марапатталып, ілкімді ізденістері мен жетістіктері жоғары бағаланды. Сондай-ақ, олимпиадада үздік командалық нәтиже көрсеткен мектептер де құрмет биігіне көтерілді. Облыстық кезеңнің ең үздік командасы атағын «Білім-Инновация» лицей-интернаты алып, ауыспалы кубокқа ие болды.
«3109 / Облыстық олимпиаданы мен информатика пәнінен жаздым.Олимпиада өте жоғары деңгейде өтті.Мен болашақта IT мамандығын таңдайын деп жатырмын.Мен информатика олимпиадасына 7 ші сыныптан бері қатысып жатырмын.Жасөспірімдер олимпиадасына қатыстым.Осы 3ші рет облыстық олимпиадаға қатысып жатырмын.3ші рет орын алып жатырм»
— Елнұр Серікбай, «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы
«3108 / Олимпиада негізі қиын болды. Алайда оқыған тақырыптарым да келді.Басында қобалжыдым.Бірақ ойымды жинақтап,өзімнің білгендерімді жазып,осылай 3ші орын алдым. Болашақта мен қазақ тілі,әдебиет мұғалімі мамандығын таңдап отырмын.Және алдағы уақытта 11ші сыныпта да осы бағыт бойынша олимпиадаға қатысатын боламын»
— Мерейім Бәкір, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы
Облыстық кезеңде оза шапқандар алдағы уақытта республикалық деңгейдегі білім додасында Ұлытау өңірінің намысын қорғайтын болады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


