Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Ұлытау облысының қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, таразыланды.

қоғамдық кеңес отырысын оның төрағасы Бауыржан Бегенов ашып жүргізіп отырды. Оған облыс әкімі аппаратының басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, басқарма, бөлім басшылары қатысты. Алдымен, облыстық экономика басқарма басшысы Нұрлан Абдукалимовтың баяндамасы тыңдалды. Облыстық бюджетті нақтылау бос қалдықтар және ішкі ауысым есебінен жүргізіледі. Бағытталған жалпы қаражат көлемі 6 млрд теңгеден асып жығылады. Ол, әлеуметтік салаға, кәсіпкерлік, цифрлық технолгиялар және өзге де маңызды салаларға жұмсалмақ.

Кеңесте, сондай-ақ денсаулық, білім,спорт, жылу мәселелеріне қатысты сұрақтар көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Бюджеттің дұрыс әрі тиімді жұмсалуы өңірдің дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кеңесіп пішкен тон келте болмасы анық. Кеңес мүшелері бюджеттің дұрыс жерге жұмсалғаны игі дейді. Жиын соңында қоғамдық кеңестің ұсыныстары ескеріліп, тиімді шешімдер қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты