Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

Облыс орталығында - мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері және қоғамдық кеңес мүшелері арасындағы IV облыстық спартакиада өтті.

Кейінгі жылдары өңірде бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Биылғы облыстық спартакиадаға Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларынан, сондай-ақ Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарынан және облыс құрамасынан құралған 6 команда қатысты. Жарыс басталар алдында Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов өз алғысөзінде - мұндай додалардың қоғамдағы ынтымақтастық пен салауатты өмір салтын нығайтудағы маңызын атап өтті.

Спартакиада бағдарламасы спорттың бірнеше түрін қамтыды. Қатысушылар волейбол, үстел теннисі, суда жүзу, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі және жеңіл атлетика бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысында командалық және жеке есеп бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды. Командалық есепте үшінші орын Жезқазған қаласының командасына бұйырса, екінші орынды облыс құрамасы иеленді. Ал спартакиаданың бас жүлдесін Жаңаарқа ауданының командасы қанжығасына байлады.

Ұйымдастырушылар мұндай спорттық бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты