Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ «ЖҮРСІН АҚЫН ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

ОБЛЫСТЫҚ «ЖҮРСІН АҚЫН ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

«Қара өлеңнің қазығы, Ұлытаудың абызы!» Өткен жұмада осындай атаумен Ұлытау ауданының орталығында - қазақ руханиятының қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған облыстық «Жүрсін оқулары» байқауы өтті!..

Жүрсін Ерман - айтыс өнерінің реформаторы, Ұлытау мен ұлтқа ортақ тұлға! Ақынның мерейлі белесін туған жерден бастауды мұрат еткен әдеби шара - Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабековтың алғысөзімен ашылды.

Облыстық байқауда 14 пен 55 жас аралығындағы 19 қатысушы бақ сынады. Ережеге сай үміткерлер Жүрсін Ерманның ең кемі 20 өлеңін жатқа айту керек. Мықтыларды анықтау қазылар алқасына да оңайға соқпады…

Байқау қорытындысында бас жүлдені - Ұлытау ауылының намысын қорғаған Айжан Бимағанбетова жеңіп алса, 1 ші орын қарсақбайлық Дархан Есенбаевқа берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ сайыстың барлық қатысушысына 50 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Жүрсін ақынның 75 жылдығына арналған мәдени іс шаралар әрі қарай да жалғаса бермек…

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты