«ӨЛКЕ ТАРИХЫ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ!»

«Өлке тарихы – ұлт қазынасы!» Облыстық әмбебап кітапханада - «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің қолға алуымен «Ұлытау» сериясы аясында Иманжан Жылқайдаровтың 140 жылдығы және Мұқан Иманжанов пен Баубек Бұлқышевтың 110 жылдығына арнайы жарық көрген жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы тағылымды шара облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Жұмажан ӨТЕГЕНОВтің алғысөзімен ашылды...
«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы құрылған. Ал, өңір тарихын зерделеу мен елге еңбегі сіңген тұлғалардың мұрасын насихаттауды көздеген «Ұлытау» сериясы жобасы 2021 жылы қолға алынған. Содан бері аталған жоба аясында 10 кітап жарыққа шыққан...
Кітапханадағы таныстырылымға зиялы қауым өкілдері арнайы қатысып, руханият саласындағы ілкімді шараның әрі қарай да жалғасын табуына тілектестіктерін жеткізді. Ұтымды ұсыныстарын да ортаға салды.
Айта кетейік, бұл шара қазан айында Астана қаласында бастауын алған. Алда - «Ұлытау» сериясы таныстырылымын өңірге қарасты қала-аудандарда да ұйымдастыру жоспарлануда...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


