ЖЕЗҚАЗҒАНДА ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Облыс орталығында 23 жасқа дейінгі ерлер мен қыздар арасындағы дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жарыста спортшылар түрлі салмақ дәрежелері бойынша мықтыны анықтап, чемпиондық атақ пен жүлделі орындар үшін күш сынасуда Чемпионат жеңімпаздары Қазақстан ұлттық құрамасының сапына қосылып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Федерация өкілдері бұл доданың жас спортшылар үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Қыздар арасындағы 78 келі салмақ дәрежесінде Атырау облысының өкілі Аружан Жандарбай алтын медаль жеңіп алды. Жас дзюдошы қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте Атырау облысы бірінші орынға ие болды. Екінші орын Батыс Қазақстан облысына бұйырса, Алматы облысы үздік үштікті түйіндеді. Жезқазғанда алғаш рет өткен республикалық дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға және өңірде дзюдо спортын кеңінен дамытуға жол ашпақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


