ӨНДІРІС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Металлургтер күні қарсаңында Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов металлургия саласының ардагері Берік Ақпанбетовтің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Қала басшысы өндіріс саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп, көпжылдық адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Берік Ақпанбетов қырық жылға жуық Жезқазған мыс қорыту зауытының балқыту цехында абыройлы еңбек етті. Анод бөлімшесінде балқытушы бригадирі болған ол кәсіби біліктілігімен ғана емес, жас мамандарға бағыт-бағдар берген тәлімгер ретінде де әріптестерінің зор құрметіне ие болды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


