ӨНДІРІС ОШАҒЫНДАҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Жезқазған мыс балқыту зауытында Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойланды. Кәсіпорын аумағына ақшаңқаң киіз үйлер тігіліп, қазақтың дәстүрлі ән-күйі төрге озды.
Салтанатты ашылуда зауыт басшысының міндетін атқарушы Елмұрат Әбуов құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мерекесінің жаңару, бірлік пен ырыстың белгісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ұжымға кәсіпорынның дамуына қосқан еңбегі үшін алғысын білдірді.
«0388 ПЕРЕВОД: Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - Наурызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыңызға мықты денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін. Сондай-ақ, осындай кең көлемде мерекені ұйымдастырып, бізге қатысуға мүмкіндік берген қызметкерлерімізге алғысымды айтамын»
— Елмұрат Әбуов, Жезқазған мыс балқыту зауыты директорының м.а
Мереке аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар арқан тарту, асық ату сияқты дәстүрлі ойындарда шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«0411 ПЕРЕВОД: Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, береке және көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тілеймін»
— Руслан Бекмағамбетов, Жезқазған мыс балқыту зауытының еңбеккері
Мереке концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сахнада шығармашылық ұжымдар мен зауыт қызметкерлері өнер көрсетіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


