Жаңалықтар

«ӨНЕРІМ САҒАН – ҚАЗАҚСТАН!»

«ӨНЕРІМ САҒАН – ҚАЗАҚСТАН!»

Облыс орталығында Республика күніне орай «Өнерім саған – Қазақстан!» атты айрықша фестивал өтті. Мерекелік шарада түрлі этнос өкілдері қазақ тілінде ән шырқап, мәнерлеп өлең оқудан сынға түсті.

Фестивальдің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас ұрпақтың ұлттық өнерге қызығушылығын оятып, ел бірлігін нығайту. Байқауға облыстың білім беру ұйымдарынан келген 17 жас өнерпаз қатысты. Олар екі номинация бойынша бақ сынады. «Әуелеген әнім – Қазақстан!» аталымында қатысушылар қазақ тіліндегі әндерді шырқаса, «Жырым саған, туған ел!» бағытында Отан, тәуелсіздік пен туған жер тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

«біз 6-9 сынып оқушылары аралығында әр этнос өкілдері арасында қазақ әндерін орындау бойынша бірнеше номинациялар қарастырып отырмыз. республика күнінің қарсаңына орай Бұл байқау бізде 3-ші рет ұйымдастырылып отыр»

— Гүлбану Сейтжанова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры

Фестиваль барысында өнерпаздар сахнада өз қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынта-жігерін де танытты. Мұндай мәдени шаралар түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтып, өскелең ұрпақты ортақ құндылықтар төңірегінде топтастыруға д ықпал етпек.

«Мен бүгін байқауға келдім. Мен 13 мектептен келдім. Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқимын. Мен 13 мектеп орыс сыныбында оқимын»

— Иван Казанцев, байқау қатысушысы

«Мен оқыған өлең аты «Менің республикам», авторы Сырбай Мауленов. Мен 3 мектептен келдім. Жарысқа менің қазақ тілі мұғаліміммен келдім»

— Фотима Кобилова, байқау қатысушысы

Байқау соңында қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, үздіктерді анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталып, жас таланттардың шығармашылығына қолдау көрсеткен ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдірілді.

«Мен бүгін конкурста өнер көрсеттім. Айбек Қалиевтің «Мен қазақпын» өлеңін оқыдым. Осындай конкурстар ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын, ұйымдастырушыларға және мені осы байқауға жоғары деңгейде дайындағам мұғалімдеріме алғыс айтамын»

— Яна Баширова, І орын иегері

Республика күніне арналған фестиваль елге деген сүйіспеншілік пен бірлікті дәріптеген мерекелік шараға айналды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты