ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗЕКТІ ЖИЫН

Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда бизнес өкілдерінің қоғамдық тамақтану орындарында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне қатысты өтініші қаралды.
Кеңес отырысында өңір кәсіпкерлерінің өтініштері, сондай-ақ кәсіп жүргізу барысында туындайтын мәселелер талқыланды. Отырысқа мемлекеттік қызметкерлермен қатар, кәсіпкерлер қауымдастығы, құқық қорғау органдары мен прокуратура өкілдері қатысты.
Отырыста қаралған негізгі мәселелердің бірі – кәсіпкерлердің қоғамдық тамақтану орындарында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға қатысты өтініші. Талқылау барысында жасөспірімдерді жұмысқа тартуға қойылатын талаптар, еңбек ету шарттары және олардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері қаралды.
Жиын барысында кәсіпкерлер көтерген мәселе жан-жақты талқыланып, оны шешудің тетіктері қарастырылды. Кеңес мүшелері қолданыстағы талаптарды ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілері мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мәселесіне назар аударды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


