Жаңалықтар

ӨҢІР СПОРТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БИІГІ

ӨҢІР СПОРТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БИІГІ

Өзбекстан мемлекетінде өткен бокстан Азия чемпионатынан ұлытаулықБалым Ғабитқызы күміс жүлдемен оралды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз құрлық додасында ұлттық құрамаға олжа салды. Жас спортшыны Жезқазған әуежайында жаттықтырушылары мен жанкүйерлері, туған туыстары мен біздің түсірілім тобы ыстық ықыласпен қарсы алды...

Финалға дейін Балым Ғабитқызы Тайвань, Үндістан және Қытай спортшыларымен тартысты кездесулер өткізіп, жоғары нәтиже көрсетті. Бұл оның Азия чемпионатына үшінші рет қатысуы. Бұған дейін құрлық біріншілігінде қола жүлдеге ие болса, кейінгісінде күміс медаль жеңіп алған. Биылғы додада да финалға дейін сүрінбей жеткен...

Балымның айтуынша, ол күміс жүлдемен тоқтап қалмайды. Жас спортшы енді алдағы халықаралық жарыстарда алтын медаль жеңіп алуды мақсат етуде.

Азия чемпионатының күміс медалі Балым Ғабитқызының жеке спорттық жолындағы ғана емес, Ұлытау спортындағы да маңызды белес. Жерлесіміздің ең үлкен арманы – Олимпиада шыңы!!!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты