Жаңалықтар

ӨҢІР ТАЗАЛЫҒЫ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ӨҢІР ТАЗАЛЫҒЫ   ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті, жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қала және аудан тұрғындары белсенді қатысып, өңірдің тазалығы мен көркеюіне үлестерін қосты.

Экологиялық акцияға өңірдің барлық қала және аудандарынан 402 ұжым мен 5200-ден астам тұрғын қатысты. Сенбілік жұмыстарына 104 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 472 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Тазалық жұмыстары аясында жалпы көлемі 212 гектар аумақ ретке келтіріліп, елді мекендердің санитарлық жағдайы жақсартылды. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 600 түп ағаш отырғызылды.Бұл бастама алдағы уақытта өңірдің келбетін жақсартуға оң әсерін тигізбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Негізгі мақсат - тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Өйткені өңірдің тазалығы - әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты