ӨҢІРДЕ АГРОӨНЕРКӘСІП ДАМЫП КЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында вице-премьер өңірдегі ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бірқатар жобамен танысты. Негізгі мақсат - жергілікті өндірісті күшейтіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру.
Алдымен Серік Жұманғарин, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековпенбірге Кеңгір ауылында жүзеге асырылып жатқан «Kengir Agro» кооперативінің жұмысымен танысты. Бұл жоба «Ulytau Meat» агрохолдингінің құрамына кіреді. Жоба басталғалы бар болғаны алты айөтсе де, мұнда қазірдің өзінде ауқымды жұмыстар қолға алынған. Қазіргі таңда кооператив аумағында материалдық-техникалық база қалыптасып жатыр. Бұл бағытқа бүгінге дейін 237 миллион теңге инвестиция салынған. Ал жобаның екінші кезеңінде суармалы егістік алқаптарын игеру көзделіп отыр. Оған 800 миллион теңге бағытталған.Бүгінде 100 гектар алқапқа картоп егу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы жоба аясында 500 гектар егістік жер игерілмек. Онда картоппен қатар жоңышқа, судан шөбі және өзге де мал азықтық дақылдар өсіріледі.
Жобаның тағы бір маңызды бағыты -мал шаруашылығы. Кооператив өкілдерінің айтуынша, өңірге қазірдің өзінде 5 мыңнан астам ірі қара мен 15 мыңға жуық асыл тұқымды ұсақ мал жеткізілген. Алдағы 15 күн ішінде Жаңаарқа ауданында мал бордақылау алаңы мен мал сою алаңының құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.Бұдан бөлек, егер биылғы егіс науқаны сәтті аяқталса, осы аумақта 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салу жоспары да бар. Осылайша болашақта Кеңгір маңында картоп пен сүт өнімдерін өндіретін толыққанды агроаймақ қалыптастыру көзделіп отыр.
Жұмыс сапары барысында вице-премьерге таныстырылған келесі маңызды нысан - облыстағы алғашқы көкөніс сақтау қоймасы. Қуаттылығы 10 мың тонна болатын нысан биылғы 30 қыркүйекте пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 2 миллиард 200 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталған.
«0271 / / Осы күнге дейін металлоконструкцияның бәрін бітіріп жатырмыз.Осы жақын арада сэндвич панельдерді орната бастаймыз. Кейін оборудование. Ол жоба 30 шы қыркүйек күні эксплуотацияға енгізіледі. Жалпы қуаты 10мың тонна. Жобаның инвестициясы 2 млрд 200. Біз СПК-дан ақшаны алып жатырмыз,кредит алып жатырмыз.Өзіміздің қаражатымызды тоже салып жатырмыз. Әрине облыста бірінші көкөніс сақтайтын жер болғандықтан ондай стратегический объект дейді ғой,сол сияқты енді ол бізге өзімізге Самади желісі бар білесіздер,сол Самади желісі бәрін қамтиды. Кейін бүкіл облысқа оның бәрі жаңа картошка болсын, марковь болсын бәрін сатамыз»
— Алибек Исин, «Samadi A Group» ЖШС директоры
Жалпы, Ұлытау облысында қолға алынған бұл жобалар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, жергілікті өндіріс көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға серпін бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


