Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ АЛҒАШ «SMART POINT» ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ӨҢІРДЕ АЛҒАШ «SMART POINT» ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ұзын-сонар кезек пен артық қағазбастылық азая түспек. Жезқазғанда - мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа цифрлық форматы, еліміздегі алғашқы Smart Point ХҚКО ашылды. Бұл жоба біздің өңірде пилоттық жоба ретінде алғаш қолға алынуда. Жаңа орталық мемлекеттік қызметтерді жедел, ашық әрі барынша ыңғайлы форматта алуға жол ашады!

Smart Point - азаматтарға мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін өз бетінше алуға жағдай жасайтын заманауи цифрлық кеңістік. Мұнда келушілер электронды сервистерді еркін пайдаланып, қызметтерді оператордың көмегінсіз рәсімдей алады. Жоба уақытты үнемдеп қана қоймай, жұртшылықтың цифрлық сауатын арттыруға да оң серпінін бермек. Орталық жұмысымен облыс әкімі Дастан Рыспеков, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев арнайы танысты.

Орталық Apple Store үлгісінде жаңартылып, заманауи форматтағы бірнеше функционалды аймаққа бөлінген. Ал, Арнайы оқыту аймағында тұрғындар электронды қызметтерді тегін меңгере алады.

Smart Point - бұл тек жаңа қызмет көрсету форматы емес, мемлекет пен азамат арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтеретін цифрлық кеңістік. Алдағы уақытта мұндай орталықтар еліміздің өзге өңірлерінде де кезең-кезеңімен іске қосылмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты