ӨҢІРДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Өңірге Шығыс Қазақстан облысының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында олар алдымен Жезқазған қаласындағы ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен танысып, тәжірибе алмасты. Кейін делегацияның жұмыс сапары Жаңаарқа ауданында жалғасты. Онда олар жаңадан құрылған шаруа қожалықтарының жұмысын көрді.
Бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста мал басын көбейтуге және өндірісті дамытуға бағытталған бірқатар жоба іске асырылуда.Делегация алдымен Түгіскен ауылында өткен жылы ғана құрылған шаруа қожалығына барды. Қазір мұнда мыңнан астам қой мен үш жүзге жуық ірі қара өсірілуде. Шаруашылықта жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, ауыл экономикасының дамуына үлес қосып отыр. Кәсіп иелері алдағы уақытта мал басын көбейтіп, өнім көлемін арттыруды көздейді.
«1485 / / Бұл шаруашылықты бастағанымызға осы 2025тің сентябрінде бастадық. Аллаға шүкір бәрі жақсы. Алдағы ойым осы қойларымызды Алла қаласа төлдетіп,шаруамызды бастасақ па деген ой бар. Үкімет тарапынан СПК Ұлытау меат,Ұлытау шиптың арқасында осы техникаларымызды алдық,стройкамызды жасадық. Үкіметтен көп көмек бөлініп жатыр. Енді Алла қаласа осы халыққа қызмет етуге, Ұлытау облысының шаруашылықтарын дамытуға үлесімізді қосып,осылай бәріміз бірігіп атсалысамыз»
— Ақжайық Нұрлыбаев, «Бастау» шаруа қожалығының иесі
Сапар аясында делегация Бидайық ауылындағы ірі мал шаруашылығы кешенінде де болды. Заманауи талаптарға сай салынған кешен толық инфрақұрылыммен қамтылып, жаңа техникамен жабдықталған. Шаруашылыққа мемлекет тарапынан 1800 гектар шабындық жер бөлінген. Бұған қоса, серіктестік мүшелерінің өзінде 5700 гектар жер бар. Қазіргі таңда техника жаңартылып, алдағы шөп шабу науқанына қажетті қосымша құрылғыларды алу жоспарланып отыр.
«1545 / 2025 жылы үкімет тарапынан осы проектке 661 млн қаражат алып,осындай үлкен шаруа қожалығы племянной ақпаз малтышний поголовияға, одан біз 200млн осы комплекстың строительствасын алдық.Енді міні былтыр августта бастаған строительствамызды бітіріп, биыл міні Алла қалауымен қысты өткізіп,осындай шаруаға жетіп отырмыз.Енді болашақта Алла қаласа тағы осы 600 бастың басын болашақта тағы 2 жарым мың басқа жеткіздіреміз деген ойымыз бар»
— Ардақ Апаков, «Orynbai meat» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры
Шаруа қожалықтарымен танысқан делегация мүшелері өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынына оң баға берді. Сондай-ақ мұндай тәжірибе алмасу сапарлары екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, аграрлық саланы дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


