ӨҢІРДЕ ДЕПУТТАТЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Өңірде «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының халық алдындағы есеп беру кездесулері жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы орайда, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ұлытау облыстық филиалының директоры Гүлмира Қаженова өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде өткен жиын барысында депутаттық кезеңде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер баяндалды.
«AMANAT» партиясының 2023-2026 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда.Атап айтқанда, жалпы құны 47,3 млрд теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске қосылып, 630-дан астам жұмыс орны ашылған. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 1,6 мың жас жұмыспен қамтылып, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1 пайызға дейін төмендеді. Ауылдық жерлерде 110-нан астам жас маман еңбекке тартылып, туризм мен ауыл шаруашылығы салаларында жаңа жобалар іске асырылған. Сондай-ақ, 607 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сонымен қатар, білім, денсаулық және инфрақұрылым салаларында да оң өзгерістер бар: жаңа мектептер мен балабақшалар салынып, медициналық нысандар жаңғыртылды, 300-ден астам отбасы тұрғын үймен қамтылды.Өңірде 189 шақырым жол жөнделіп, халық 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.Жиын соңында кәсіпкерлер өз ұсыныстарын айтып, өңір экономикасын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.Айта кетейік, «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының есеп беру кездесулері 2 ай бойы жалғасады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


