Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

ӨҢІРДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Ұлытау облысында діни ахуал тұрақты. Өңірде конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Дін істері басқармасының басшысы Дулат Төлегенов мәлімдеді.

Жыл басынан бері облыста ақпараттық-түсіндіру топтарының қатысуымен 629 іс-шара ұйымдастырылып, 17 мыңнан астам тұрғын қамтылған. Кездесулерде жастар, еңбек ұжымдары, спортшылар мен өзге де нысаналы топтарға зайырлылық қағидаттары, ұлттық құндылықтар және интернеттегі күмәнді діни ақпараттан сақтану жолдары түсіндірілді.

Басқарма интернет кеңістігіндегі профилактикалық жұмыстарға да басымдық берген. Алты ай ішінде экстремизмнің алдын алуға бағытталған 241 ақпараттық материал әзірленіп, олардың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Заңға қайшы діни контентке тұрақты мониторинг жүргізіліп, күмәнді парақшаларға тіркелген пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Нәтижесінде жүздеген азамат деструктивті діни ақпарат көздерінен бас тартқан.

Брифинг барысында жыл соңына дейін жүзеге асырылатын бірқатар бастамалар да таныстырылды. Алдағы кезеңде ақпараттық-ағартушылық жобалардың ауқымы кеңейіп, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын таппақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты