Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ӨҢІРДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Облыста экологиялық айлық аясындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Жезқазғанда өткен кезекті сенбілікке - қала және облыс әкімдіктерінің қызметкерлері мен белсенді тұрғындар қатысып, шаһарды абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлесін қосты.

Бұл жолғы сенбілікте негізгі бағыт: ағаш отырғызу мен аумақтарды абаттандыру жұмыстары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде қалада 100-ден астам жаңа көшет бой көтерді. Жасыл желектің көбеюі қаланың ажарын ашып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етпек...

Табиғатты аялау мен таза қала мақсатындағы жұмыстардан мәдениет саласының мамандары да тыс қалмады. Экологиялық бастамаларға қолдау білдіргендер - тұрғындарды ортақ іске белсенді араласуға шақырады.

Экологиялық айлық аясындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Негізгі мақсат - елді мекендерді абаттандырып, жасыл желекті көбейту және қоршаған орта тазалығын тұрақты түрде сақтау.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты