Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ҚҰРАШ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ӨҢІРДЕ ҚҰРАШ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Жезқазған қаласындағы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2013–2014 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында құраш күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Үш күнге созылған жарысқа еліміздің 11 өңірінен келген жас балуандар қатысты…

Чемпионаттың басты мақсаты - ұлттық күресті дамыту, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және аталған спорт түрі бойынша үздіктерді анықтау. Тартысты додаға 230ға жуық жас балуан қатысты.

Құраш күресі - ұлттық жекпе-жек түрі. Бұл күресте спортшы қарсыласын таза әдіспен, яғни жауырынын жерге тигізіп ғана ұта алады. Аталған чемпионатта топ жарғандар, «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарында ел намысын қорғауға жолдама алды.

«ПЕРЕВОД:Менің жасым 11 де. Павлодар облысынан келдім. Осы спорт түрімен 6 жылдан бері айналысып келемін. Құраш күресі маған өте қатты ұнайды, өйткені ол рухты, күшті және бұлшық еттерді дамытады. Болашақта осындай жарыстарда көп жеңіске жетіп,жаттықтырушы болуды армандаймын»

— Ляйсан Смайлова, жарыс қатысушысы

Ұйымдастырушылардың айтуынша,мұндай республикалық деңгейдегі чемпионаттар ұлттық спортты насихаттап, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға оң серпінін бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты