Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ «TURGYNDAR AMANATY» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ӨҢІРДЕ «TURGYNDAR AMANATY» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Өңірдекөпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесін дамытуға бағытталған «Turgyndar Amanaty» жобасы іске қосылды. Бастама «Аманат» партиясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба аясындағы алғашқы кездесу Жезқазған қаласында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өтті. Жиын барысында қатысушыларға алдағы жұмыс жоспары таныстырылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

«Turgyndar amanaty» жобасының басты мақсаты - жайлы, қауіпсіз әрі заманауи қалалық ортаны қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындардың белсенділігін арттыру. Айта кету керек, бұл бастама алғаш рет Астана қаласында сәтті жүзеге асқан. Енді жоба еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізілуде.Жоба шеңберінде цифрландыруға және сервистік қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Кездесуде көтерілген маңызды мәселелердің бірі - ескі тұрғын үйлерді жаңғырту. Облыс құрылған уақыттан бері өңірде 120-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өткен. Ал биыл тағы 33 тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жаңартылмақ.

Жиынға қатысқан пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелерінің бірлестіктері өкілдері жобаның өзектілігі мен жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. Олардың пікірінше, бұл бастама тұрғындар, басқарушы ұйымдар және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, тиімді байланыс орнатуға жол ашады.

Семинар-форумның екінші бөлімінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдері пәтер иелері кооперативтерініңтөрағаларының сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, тұрғын үйді басқару саласында белсенділік танытқан азаматтар «Аманат» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.Іс-шара соңында партияның облыстық филиалы мен пәтериелері кооперативтері қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты