Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЗАМАНАУИ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРМЕК

ӨҢІРДЕ ЗАМАНАУИ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРМЕК

Өңірде тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған реновация бағдарламасы жаңа кезеңге өтті. Енді аймақтағы апатты әрі тозығы жеткен үйлер кезең-кезеңімен сүріліп, олардың орнына заманауи, жайлы және қауіпсіз баспаналар бой көтермек. Бұл бастама тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, қалалардың сәулеттік келбетін де жаңартуға бағытталған.

Бағдарлама Ұлытау облысында шамамен 5 жыл бұрын басталып, бүгінде нақты іске асыру кезеңіне жетті. Техникалық тексеріс нәтижесінде өңірде 58 көпқабатты үй апатты деп танылған. Жалпы алғанда, 120-ға жуық тозығы жеткен үй кезең-кезеңімен жаңартылады. Жобаны жүзеге асырушы - «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Қазіргі таңда Жезқазған қаласындағы Абай көшесіндегі 53, 55, 57 және 59 үйлер бойынша жұмыс басталды.

«0990 / ПЕРЕВОД:«Аймақ әкімдігінің, облыстық мәслихат пен қалалық әкімдіктің қолдауымен бұл бағдарламаны жүзеге асыра бастадық. Аталған төрт үйдің орнына екі заманауи үй салынады. Үйлерде 3 метрлік төбелер, витражды терезелер және кіреберісінде Face ID жүйесі қарастырылған. Үйлерді сүріту жұмыстары 15 күн ішінде басталады. Қазіргі таңда үйлер қоршалды, ал келесі айда іргетас шұңғырына дайындық жұмыстары басталады»

— Нұрлан Садыбеков, «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы

Бағдарлама тек Жезқазған қаласымен шектелмейді. Алдағы уақытта Сәтбаев және Қаражал қалаларында да жүзеге аспақ. Сондай-ақ, инвестор тарту жұмыстары да қарқынды жүруде. Астана, Шымкент, Көкшетау қалаларында және Қытай Халық Республикасымен келіссөздер жүргізіліп, халықаралық серіктестермен меморандумдар жасалған. Қазіргі таңда тұрғындарды көшіру және өтемақы төлеу жұмыстары жүргізілген. Жоба аясында барлық инженерлік инфрақұрылым - су, жылу және электр желілері толық жаңартылатын болады.

«1001 / Абая көшесі бойынша 59 және 57 ші үйдің 4 тұрғынына компенсация төлейтін болдық.Ал қалғанына пәтер баспа бас ауыстыратын болдық.Қазіргі таңда енді акт снос алуымыз керек,қоршап уже бастадық.Оның үстінде сеттер бойынша қарап жатырмыз.Қазір бұл жерде тоқтың,судың жүргендерін ажыратып,жерді босату болып жатыр жердің астындағы жұмыстар бойынша ақылдасып жатырмыз қазір»

— Бауыржан Құлжанов, «B LIKE» инвестициялық-құрылыс компаниясының бас директоры

Жаңа үйлер заманауи талаптарға сай салынады. Әр қабатта 6 пәтерден қарастырылған.

«0996 / ПЕРЕВОД: Жаңа пәтер алуымыз бізді өте қуантты. Бұл жерде өстік, ауданымызды жақсы білеміз, сондықтан дәл осы жерде қалуды қалаймыз. Келісімшартқа үшжақты қол қойдық, барлық шарттар бізді қанағаттандырады»

— Ольга Бикова, қала тұрғыны

Жоба барлық кезеңде тұрғындардың мүддесін ескере отырып жүзеге асады. Ал бұл жұмыстардан кейін қаладағы Байқоңыров көшесіндегі апатты үйлерді жаңарту жоспарланған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты