Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІ ДАМУДА

ӨҢІРДЕ ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІ ДАМУДА

Елімізде жыл сайын өз кәсібін өрістеткендер саны көбейіп келеді. Әсіресе кәсіпкерлік әліппесін меңгеруден жастар қауымы да қалыс қалып жатқан жоқ. Облыс орталығында кейінгі жылдары бірнеше шағын және орта бизнес нысандары ашылып, халықтың сұранысына сай қызмет атқаруда. Солардың бірі – кеше ғана есігін айқара ашқан «Smiles» мейрамханалар желісі.

Бұрын «Smiles» техникалық ашылу форматында жұмыс істеді. Жоба командасы келушілер ағынын мұқият бақылап, қонақтардың қалаулары мен пікірлерін зерттеді. Осылайша мәзір мен қызмет көрсету аудитория талабына сай бейімделді. Ал алған оң пікірлерден кейін, мейрамхана желісінің иелері толыққанды ресми ашылуын жасады.

Бүгінде «Smiles» мейрамханалар желісі Талдықорған, Семей, Алматы секілді елдің бірнеше ірі қалаларында жұмыс істейді. Жобаның артында заманауи форматқа, сапа мен қолжетімділікке басымдық беретін жас кәсіпкерлер командасы тұр. Ал облыс орталығындағы мейрамхананың ашылуы 8 жаңа жұмыс орнын да қамтамасыз етті.

Тағамдар әрі балғын, әрі дәмді болу үшін экологиялық таза өнімдер қолданылады. Алдағы уақытта жас кәсіпкерлер қызмет түрлерін әрі қарай жетілдіріп, бизнестің өрге домалуына күш салмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты