Жаңалықтар

ӨҢІРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

ӨҢІРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен даму перспективалары талқыланды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Инвестициялар департаменті директорының орынбасары Назгүл Узалина аймаққа жұмыс сапарымен келіп, аталған бағыттағы бірқатар нысан жұмысымен танысты. Атап айтқанда, «Voyage» қонақүйі, «Kazakhmys Barlay» геологиялық кластері, «Kengir Agro» агроөнеркәсіптік кәсіпорны және базасында көкөніс сақтау қоймасын іске қосу жоспарланған «Samadi Group» серіктестігі қамтылды. Жұмыс барысында жобалардың қазіргі ахуалы, даму жоспарлары және инвесторларды толғандыратын мәселелер баян етілді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты