Жаңалықтар

ӨҢІРДЕГІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ЖОБАЛАРЫ

ӨҢІРДЕГІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ЖОБАЛАРЫ

Өңірде мәдениет саласын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Кейінгі жылдары бұл бағытқа бөлінетін қаржы көлемі артып, жаңа жобалар қолға алынуда. Мәдени инфрақұрылымдар да жаңғыртылуда. Алдағы ірі шаралардың бірі - 27 маусымда өтетін «Көкмайса» этнофестивалі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин салада атқарылған жұмыстар мен болашақтың жоспарын таныстырды.

Биыл мәдениет саласын дамытуға 3 миллиард 500 миллион теңге бөлінген. Қомақты қаржының бір бөлігі аймақтағы маңызды мәдени нысандарды жаңғыртуға бағытталмақ. Атап айтқанда, Халықтар достығы мен мәдениет үйі және Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театр ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңғырту нәтижесінде мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайып, өнер ұжымдары мен көрермендер үшін заманауи талаптарға сай жағдай жасалмақ. Жоспарбойынша нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Мәдениет саласындағы жұмыстар тек облыс орталығымен шектелмейді. Ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарын дамытуға да басымдық беріліп отыр. Ал, басты мәдени іс шараның бірі - 27 маусымда Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылында өтетін «Көкмайса» этномәдени фестивалі. Сондай-ақ күзде өңірдің дәстүрлі мәдени жобалары саналатын «Ұлытау үні» мен «Жезкиік» фестивальдерін өткізу жоспарлануда.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда «Жошы хан» кешеніндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, аумақты абаттандыру мен көгалдандыру шаралары жүргізілуде.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты