Жаңалықтар

ӨҢІРДЕГІ ВАКЦИНАЦИЯ ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ

ӨҢІРДЕГІ ВАКЦИНАЦИЯ ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Өңірде – балалар мен ересектерге вакцинация жүргізу жұмыстарының деңгейі!» Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде – Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығының қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы екпе шаралары халық үшін міндетті болып табылады. Бүгінде екпе егу елімізде 21 инфекцияға қарсы енгізіледі. Сала мамандары соның арқасында бірқатар аурудың алдын алып отырмыз дейді.

Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары екпенің әсері жайында әлеуметтік желіде тексерілмеген ақпараттар да желдей есуде. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығы – вакцинадан қорқудың қажеті жоқ дейді. Ал, балалардың уақтылы екпе алуы ата-ананың жауапкершілігінде.

Айта кетейік, елімізде міндетті вакцинациялардың барлығы тегін жасалады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты