ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша биылғы жылдың алғашқы үш айында оң динамика сақталған. Бұдан бөлек, Ұлытау облысы құрылыс саласы және инвестиция бағыттары бойынша республикалық рейтингте жоғары көрсеткішке қол жеткізуде. Атап айтсақ, Құрылыс көлемі 27 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен екі есе артқан. Сондай-ақ, қысқа мерзімде аймақ экономикасына 40 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


