ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

«Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір». Аймақтағы экология, су тапшылығы секілді өзекті мәселелерді шешу жолдарын отандық және шетелдік белгілі ғалымдар бірлесе зерттейтін болады. Бұл жөнінде облы орталығында - екінші күн қатарынан өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі отырысында айтылды.
Ұлттық ғылым академиясының көшпелі жиыны – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында айтылған өңірлік ғылымды дамыту, өнеркәсіптік әлеуетті арттыру және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету сынды маңызды тапсырмаларды іске асыру аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат: аймақтарда кенжелеп қалған өңірлік ғылымды дамыту. Осы арқылы шалғай өңірлерге тән жергілікті мәселелерді шешу жолдары қарастырылмақ...
«(Осы облысқа өте керек мәселенің бірі бұл заманауи технологияны қолданып, геологиялық барлау мәселесін шешу. Бүгін бізбен бірге осы жиналысқа Қытайдың белгілі ғалымдары, академиктері келді. Солармен бірге осы барлау, геологиялық барлау жұмысын қолға алатын боламыз.)»
— Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті
Отырысқа отандық ғалымдардан бөлек Қытайдың жетекші ғылыми ұйымдарынан мамандар қатысты. Олар Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым салалары бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Аталған бағыттағы ұтымды ұсыныстар жас облыстың болашағы үшін үлкен маңызға ие.
«( Ғылымда тек теориямен шектелудің қажеті жоқ. Себебі бұл өңірлердің дамуына, мәселелерін шешуге бағытталуы тиісӨңіріміздегі су ресурстарын, сонымен қатар тау-кен және металлургия осы бағыттарға қандай шет елдің озық технологияларын жеткізу, оларды біздің өнеркәсіпке енгізу, біздің жұмысқа пайдалану бізге өте маңызды.)»
— Нұртас Кәріпбаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасар
Көшпелі отырыс қорытындысында аймақтағы жетекші кәсіпорын «Kazakhmys Barlau» компаниясы мен Ұлттық Ғылым академиясы - Жезқазғандағы Геологиялық кластер базасында ғылым академиясының өңірлік форсайт-орталығын ашу жөнінде екіжақты мемомрандумға қол қойды. Өңірлік форсайт-орталығы жас ғылымдар үшін үлке мүмкіндіктер алаңына айналмақ.
Ұлттық ғылым академиясының Ұлытаудағы көшпелі жиынына өндірісті өлкенің күтері көп. Жиын қатысушылары бұл өңірлік ғылымды дамытудың жаңа кезеңі деген пікірлерін айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


