Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында 2026 жылғы Өңірлік кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезінде көтерілген негізгі мәселелер қорытындыланып, өңірлік кәсіпкерлер палатасының 2025 жылғы атқарған жұмысы сараланды. Сондай-ақ алдағы бір жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

2025 жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында заң бөліміне 25 өтініш келіп түскен. Осы өтініштер аясында арнайы кеңесте 50 мәселе қаралып, 32 сараптамалық қорытынды жасалды. Нәтижесінде 4 784 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 476,5 миллион теңгеден астам қаражат өндірілген. Сонымен қатар 18 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлер палатасы инвестициялық жобаларды қолдауға басымдық беріп келеді. Бүгінде өңірдің интерактивті картасына жалпы құны 972,3 миллиард теңгені құрайтын 39 инвестициялық жоба енгізіліп, жеті инвесторға қатысты сегіз мәселе оң шешімін тапты.

«тан / Осы жылдың 25ші қаңтар күні Астана қаласында өткен Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының сьезіне қатысып қайттық.Ол жерде әр өңірден келген кәсіпкерлер өздерінің әсіресе мынау салық кодексіне байланысты көптеген сұрақтар болды.Өйткені оның әлі толықтай іске аспай жатқанын осы жыл басталғады бері көз жеткізіп жатыр.Соның бәрін өткен жолғы Ұлттық құрылтайда Президенттің айтуы бойынша бұл салдық кодексі құрал сөз емес дегендей оны қайтадан қарау жөнінде ұсыныс берді.Сондықтан әртүрлі саланың мамандары келді.Министр финансовтан әртүрлі саладардан.Солар енді қазір мынау кейінгі осы кәсіпкерлердің салық жөніндегі көптеген сұрақтарын қайтадан қарауға бет алып жатқандарын білдірді»

— Батырхан Оспанов, Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі

Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Кәсіпкерәйел» және «Кәсіпкебағыт» бағдарламалары аясында жергілікті бюджет есебінен кәсіби оқу курстары ұйымдастырылды. Оқу барысында SMM, кондитерлік іс, визаж, өсімдік,мал шаруашылығы, массаж және менторлық бағыттар қамтылып, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында және Жәйрем кентінде 300-ден астам адам білім алды. Нәтижесінде өңірде жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылып, қосымша жұмыс орындары құрылды.Сонымен қатар кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін жедел шешу үшін агроөнеркәсіп, көлік, туризм, өңдеу өнеркәсібі және әлеуметтік кәсіпкерлік салаларында салалық және аудандық кеңестер тұрақты жұмыс істеп келеді.АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты