Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ – ӨҢІР АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ – ӨҢІР АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңірлік мүшелері – Ата Заңның жаңа жобасын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында – аймақ ақсақалдарымен кездесті...

Өңірлік коалиция мүшелері өткізген жиында –Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, ондағы саяси, әлеуметтік және құқықтық өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Ата Заңның Преамбуласынан бастап, ондағы қоғам талқысындағы барлық бап назардан тыс қалмады.

Жаңа Конституцияда – Қазақстан халқының мың жылдық терең тарихы айқын көрініс тапқан. Әр салада жемісті еңбек еткен ардагерлер әлемдегі геосаяси ахуалдың құбылып тұрған шағында, Мемлекеттің басты байлығы Бейбітшілікті ұстаным етіп, Конституциялық реформаға қолдауларын білдірді...

Айта кетейік, Конституцияның жаңа жобасына қатысты «е-Өтініш» платформасы арқылы ел азаматтарынан 10 мыңнан аса ұсыныс түскен. Ұлытау өңірлік коалициясының мазмұнды жүздесулері әрі қарай да жалғаса бермек...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты