Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жаңа Конституция жобасын жұртшылыққа кеңінен насихаттау мен оны қолдау бағытындағы іс шараларға белсене қатысқандар мен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері – құрмет биігіне көтерілді.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы Жалпыхалықтық Референдум алдында 1 ай бойы - 400 ге жуық мекемеде жүздесу жиынын ұйымдастырды. Онда облыс бойынша мыңдаған адам қамтылған. Аталған іс шараларда азаматтық жауапкершілік танытқандарды облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов арнайы құттықтады.

Жиын қатысушыларына ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты» мен «Алтын Барыс» төсбелгісі және «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың Алғыс хаттары табыс етілді. Марапат иелері – елдік мәселелеріндегі ерен істерге үнемі қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен патриоттық әндердің кешімен мәреге жетті. Айта кетейік, Жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «ҰЛЫТАУ» телеарнасы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты