ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЗДЕСУІ

Ата Заңның жаңа жобасын ақпараттық түсіндіру мен қолдау бағытындағы жұртшылықпен жүздесулер жалғасуда. Аталған мақсатта құрылған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының кезекті кездесуі – «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жастар Болашақ» жастар ұйымымен өтті...
«Жастар Болашақ» жастар ұйымы – өндірістегі жастармен тікелей жұмыс істейтін орта. Сондықтан да мұндағы жүздесу барысында жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамына, өндірістегі қауіпсіздікке, әділ қағидаттарға және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігіне қатысты нормаларға ерекше назар аударылды. Өңірлік коалиция мүшелері – Ата Заңдағы оң өзгерістердің ең алдымен жастар үшін маңыздылығын жеткізді.
Жиын соңында кіл жастардан құралған еңбек ұжымы - Конституциялық реформаға қолдауларын білдірді. Бұл ретте тұрғындардың белсенді ұстанымы айқын көрсететілені де атап өтілді. Айта кетейік, жалпыхалықтық Референдумға 4 күн қалды...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


