ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЗДЕСУІ

Ата Заңның жаңа жобасын ақпараттық түсіндіру мен қолдау бағытындағы жұртшылықпен жүздесулер жалғасуда. Аталған мақсатта құрылған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының кезекті кездесуі – Жезқазған қалалық Білім бөлімінің ұжымымен өтті...
«Мемлекет адамның өмір сүруіне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді!» Бұл – Ата Заңның жаңа жобасынан үзінді. Қалалық Білім бөлімінің мамандарымен өткен жүздесуде: Конституциялық реформалардың ағартушылық саласына қатысты оң әсері негізгі әңгіме өзегі айналды.
Ауқымды реформалардың негізгі мақсаты: жаһандану дәуірінен қалыс қалмай, демократиялық алғышарттарды айқындау. Ата Заңдағы бастамалар - Референдум арқылы қабылданады. Айта кетейік, Жаңа Конституциядағы «республикалық Референдум» атауы - «жалпыхалықтық Референдум» деп өзгертілген.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


