Жаңалықтар

OPEN AIR SENBILIK ФЕСТИВАЛІ

OPEN AIR SENBILIK ФЕСТИВАЛІ

Облыс орталығында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік бұл жолы дәстүрлі форматта емес, ашық аспан астындағы фестиваль - open-air senbilik ретінде өтті. Ауқымды шараға жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.

Шараның негізгі мақсаты - тұрғындарды ортақ іске біріктіру, экологиялық жауапкершілікті күшейту және жасыл мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу. Ауқымды экологиялық акцияға барлығы 300 адам жұмылдырылып, 6 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 5 гектар аумақ тазартылып, 77 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

«1921 ПЕРЕВОД: Қайырлы таң, Жезқазған! Бүгін біз қала тұрғындарымен бірге сергіту жаттығуын өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйладық. Біз әрдайым салауатты өмір салтын қолдап, таза әрі белсенді қаланың дамуына үлес қосуға тырысамыз!»

— Ирина Велиева, фитнес жаттықтырушы

Сенбілік тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, нағыз мерекелік форматтағы фестивальге ұласты. Қатысушылар үшін таңғы жаттығу, кір тасын көтеру сайысы, жанды дауыстағы әндер, сондай-ақ ең үздік учаске байқауы ұйымдастырылды. Шара барысында ерекше белсенділік танытқан мемлекеттік мекемелер анықталып, оларға арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, шараға кәсіпкерлер де қолдау көрсетіп, қатысушыларға тәтті сусындар мен жеңіл тағамдар таратты. Мұндай форматтағы сенбіліктер экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, тұрғындардың бірлігін арттыруға да ықпал етеді. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЛИХАН МҰХТАР «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты