Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жезқазған қаласындағы №26 гимназиясында «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне тиімді дайындық: талдаудан нәтиежеге дейін» тақырыбында облыстық көктемгі сессия өтті.

Сессияға мектеп директорлары,педагогтар және білім басқармасының өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты- үздік тәжірибе алмасу,оқытудың сапасын арттыру жолдарын талқылау және оқушылардың білім нәтижелерін бақылаудың тиімді әдістерін әзірлеу болды.

Сессия бағдарламасына мектеп ішілік бақылау, басқару сапасы, ерекше білім қажет ететін балалармен жұмыс, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тақырыптары енгізілді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі және бастауыш білімге назар аударылып, жасөспірімдерді оқытудың заманауи әдістері мен тиімді тәсілдері талқыланды. Адал азамат тұжырымдамасы аясында ата-ана мен мектеп арасындағы мықты одақ құру мәселесі де басты назарға алынды. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Сессияда алынған тәжірибе мен ұсыныстар өңірдегі мектептерге оқу сапасын жақсартуға және оқушылардың білімін бақылау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Шара қорытындысында нақты стратегиялар мен ұсыныстар әзірленіп, педагогикалық ұжымдардың жұмысында енгізілмек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты