ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушыларға арналған ашық құқықтық сабақ өтті. «Заң – қарапайым тілмен: өмірлік тәжірибе және жауапкершілік» тақырыбында өткен кездесуге құқық қорғау органдары мен білім саласының өкілдері қатысты.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде заңның қоғамдағы маңызы, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң талаптарын сақтамаудың салдары түсіндірілді. Қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстық жауапкершіліктің айырмашылығын түрлі өмірлік жағдайлар арқылы талдады.
Кездесу барысында оқушылар қоғамдық орындарда темекі шегу, тыныштықты бұзу, жол қозғалысы ережелерін елемеу секілді әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкелетінін білді. Сонымен қатар ұрлық, алаяқтық және есірткі заттарына қатысты қылмыстардың адам өмірі мен болашағына тигізер кері әсері айтылды.
Шара соңында оқушылар үшін сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, олар құқық қорғау саласына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген жауапкершілік пен дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


