Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жезқазған қаласындағы №7 мектеп-лицейінде қалалық прокуратура мен полиция департаментінің ұйымдастыруымен жол қозғалысы ережелеріне арналған қауіпсіздік сағаты өтті. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары және оқу ордасының ұстаздары қатысты.

Шара барысында құқық қорғау органдары оқушыларға негізгі ережелерді еске салды. Атап айтар болсақ: жолдан тек жаяу жүргіншілер жолымен өту, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана қозғалу және жүргізушілердің жол беретінін мұқият тексеру. Сонымен қатар, қоғамдық көлікке дұрыс мініп түсу ережелері де назарға алынды.

Ұйымдастырушылар балалардың қауіпсіздігі үшін басты жауапкершілік ересектерде екенін ескертті. Ата-аналар мен мұғалімдер жол ережесін түсіндірумен ғана шектелмей, өздері де қауіпсіздік талаптарына сай әрекеттерімен үлгі көрсетуі тиіс дейді.

Мұндай профилактикалық бағыттағы іс-шаралар облыс орталығындағы өзге де білім беру мекемелерінде де жалғасын таппақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты