Жаңалықтар

ОҚЫС ОҚИҒАҒА – ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ

ОҚЫС ОҚИҒАҒА – ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ

31 наурыз күні таңғы уақытта Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері өрт кезінде тұрғынды құтқарып қалды. Айтып келмейтін апатта ерліктің үлгісін көрсете білген жандар – бейбіт қоғамның батырлары. Төтенше оқиға жайында егжей-тегжейлі тілшіміз Мұқағали Сейтқазының бейнематериалында...

Өрт оқиғасы облыс орталығындағы Бейбітшілік даңғылы 45 ші үйден шыққан. 31 наурыз таңғы сағат 06:24 шамасында кезекші бөлімге өрт шыққаны туралы хабарлама түседі. Хабарламаны аталған көппәтрелі үйдің тұрғындары жеткізген.

Оқиға орнына алғашқы болып жеткен Жезқазған қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының инспекторлары, жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері және жедел-тергеу тобының өкілдері – сын сағатта ептілік пен адалдық таныта білген. Тәртіп сақшылары пәтерлерді аралап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарады.

«(Біз әріптестерімізбен әдеттегі дағды бойынша наряд қабылдап, кезекшілікке түстік. Өрт оқиғасы жөнінде хабарлама түскенде, бірден шұғыл әрекетке көштік. Ең бастысы: адамның амандығы мен қауіпсіздігі. Бұл біздің міндетіміз. Біздің орнымызда кез келген әріптесіміз осылай жасар еді.)»

— Серік Жайлыбеков, Ұлытау облысы ПД арнайы мақсаттағы жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы

Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталып қалды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты