«ӨРТ – 2026» ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

Өңірде - республикалық «Өрт-2026» оқу-жаттығу жиыны өтті.
Сәуір айынан бастап аймақта өрт қауіпті кезеңі басталды. Айтып келмейтін апаттың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жиынға облыс әкімі Дастан Рыспеков арнайы қатысты. Далалық жаттығулар басталмас бұрын төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі штаб кеңесі өтті.
«Қарағаш» орман шаруашылығы аумағындағы практикалық іс-шара барысында орман және дала өртін сөндіру, тұрғындарды эвакуациялау, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жоюға арналған қызметтердің іс-әрекеті пысықталды. Сонымен қатар, тікұшаққа арналған жаңа су төгу құрылғысы мен оның техникалық мүмкіндіктері таныстырылды.
Айта кетейік, оқу-жаттығуға күштік құрылымдардан 22 бірлік техника, бір МИ-8 тікұшағы және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылған 60-қа жуық маман қатысты. Жиын қорытындысында Дастан Рыспеков - мұндай ауқымды оқу-жаттығулардың өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы жоғары екендігіне тоқталып, төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы іс шараларға айрықша назар аудару керектігін айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


