ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

Жезқазған қаласы іргесіндегі саяжай аумағында 11 тамыз күні өрт оқиғасы тіркелді. Оқиға орнына Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы дереу жетіп, өрт толықтай сөндірілген. Белгілі болғандай, өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құраған. Тілсіз жаудан - зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«(11 тамыз күні сағат 16:41-де Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел орталығына Жезқазған мыс зауыты аумағындағы саяжайларда өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына 3 бірлік техника, жеке құрамның 11 өрт сөндірушісі жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.)»
— Ермек Исмаилов, Ұлытау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


