ӨРТ СӨНДІРУ, ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ

Облыс орталығында ерлер арасында өрт сөндіру, құтқару спортынан Қазақстан Республикасының 32-ші және әйелдер арасында 12-ші чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Төрт күнге жоспарланған жарысқа еліміздің барлық өңірінен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жиналды. Олар кәсіби шеберлік, шапшаңдық пен дене дайындығын талап ететін бірнеше спорттық бағыт бойынша бақ сынайды.
Чемпионаттың ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Есен Байыров, сала ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты. Олар спортшыларға сәттілік тілеп, мұндай жарыстардың кәсіби біліктілікті арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті.
«Еліміздің түкпір-түкпірінен келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың бұл дүбірлі додасы Ұлытау облысында тұңғыш рет өтіп отыр. Ұлт ұясы, қазақ тарихының алтын бесігі саналатын қасиетті Ұлытау төрінде осындай ауқымды шараны өткізу біз үшін үлкен мақтаныш және мәртебе»
— Есет Байкен, Ұлытау облысының әкімі
Айтулы доданы Ұлытау облысында өткізу – өңір үшін айтулы оқиға. Сонымен қатар бұл жарыс күн сайын адам өмірін қорғап, қауіп-қатерге қарамастан көмекке ұмтылатын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар еңбегінің маңызын айғақтайды.
«Осы ауқымды іс-шараны өткізуге қолдау көрсетіп, сенімді білдірген облыс әкіміне және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне шынайы алғыс білдіремін. Барлық командаларға сәттілік. ------ тілеймін// деген жерге дейін»
— Есен Байыров, Ұлытау облысы ТЖД бастығы
Салтанатты рәсімнің ең маңызды сәттерінің бірі – чемпионат алауын жағу болды. Қатысушылар үшін бұл жарыстың басталуы ғана емес, ерлік пен бірліктің, жеңіске деген жігердің символы Өрт-құтқару спорты – жылдамдық пен күшті және кәсіби шеберлікті сынға салады. Жаттығулар құтқарушылардың күнделікті жұмысына барынша бейімделген.
Алда бірнеше күнге созылатын тартысты бәсеке. Мұнда әр секунд, әр қимылдың дәлдігі мен команданың бірлігі маңызды. Чемпионат қорытындысында елдегі ең үздік спортшылар мен мықты командалар анықталады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


