ӨРТ СӨНДІРУ, ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ

Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері арасында өрт сөндіру, құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы 32-ші және әйелдер арасындағы 12-ші жазғы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бес күн бойы еліміздің барлық өңірінен келген үздік спортшылар кәсіби шеберліктерін, жылдамдығы мен физикалық дайындығын сынға салды Республикалық додаға Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен 22 ерлер және 16 әйелдер командасы қатысты. Қатысушылар өрт сөндіру, құтқару спортының төрт түрінен сынға түсті. Әр кезең спортшылардан жылдамдық пен төзімділікті ғана емес, шеберлік пен қимыл дәлдігін де талап етті.
«С0250 видео. 191621 звуктан»
— Есен Байыров, Ұлытау облысы ТЖД бастығы
Чемпионаттың жарқын сәттерінің бірі – Қостанай облысының әйелдер командасының жеңісі. Спортшылар «жауынгерлік қанат жаю» сайысында 24,1 секунд нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Команда төрт кезеңнің барлығында да топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.
«Біздің командамызда 12 адам, оның екеуі – жаттықтырушы. Біз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алдық. Төрт дисциплинаның барлығында да үздік болдық. Жауынгерлік қанат жаюда Қазақстан рекордын жаңарттық. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені осы нәтижеге ұзақ уақыт дайындалдық»»
— Алена Лукиянова, чемпионат қатысушысы, Қостанай облысы
«ВИДЕО: С0259 ЖӘНЕ //шатасқан жерлерді қию»
— Абзал Шәкенов, чемпионат қатысушысы, Алматы облысы
Чемпионат қорытындысында елдің үздік спортшылары мен командалары анықталды. Жеңімпаздар енді Бакуде өтетін халықаралық додада Қазақстан намысын қорғайды. Ел намысын арқалаған спортшыларға сәттілік тілейміз.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


