Жаңалықтар

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНДЕГІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНДЕГІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Облыс орталығында – Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күндеріне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің мерекелік концерті өтті.

Ғарышкерлер бақ жолында өткен мерекелік шараға жиналған жұртшылық – патриоттық рухтағы айбынды асқақтатар әндерді жанды дауыста тыңдады. Концерт - мамыр айында қатар келетін қос мерекеге арналды...

Бұдан бөлек қазір өңірде Ұлттық ұлан академиясына жасөспірімдер мен жастарды әскери оқуға тарту жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Аталған іс шаралар өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге де оң серпінін береді деп күтілуде...

«(Мерекелік концерт ерекше өтуде. Жасыратыны жоқ, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін кештер бізде жиі болмайды. Бәлкім, сол себепті де бүгінгі кеш жоғары деңгейде өтуде. Елдік пен ерліктің мерекесі құтты болсын!!!)»

— Нұржан Қалиев, қала тұрғыны

«(Концертке құрбыларымызбен келдім. Маған ұнап жатыр. Ел қорғанындағы ер азаматтарымызда төл мерекелерімен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанда тек бейтшілік болсын!!!)»

— Манара Өтегенова, қала тұрғыны

Айта кетейік, кеш барысында Тайжан Қалмағанбетов атындағы Ұлытау облыстық филормония әртістері де әннен шашу шашты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты