Жаңалықтар

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ!

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ!

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында ел қорғанысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан бірқатар азаматтарға құрмет көрсетіліп, марапат биігіне көтерілді.

Айтулы шараның негізгі мақсаты - ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух қалыптастыру және әскери қызметтің маңызын арттыру. Салтанатты жиынға әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер мен белсенді жастар қатысты. Мерекелік жиында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков - ел дамуы жолында еселі еңбек етіп жүрген азаматтарға ақжарма лебізін жеткізді.

Іс-шара барысында облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов та құттықтау сөз сөйлеп, Отан қорғаушылар күнінің маңыздылығына тоқталды. Салтанатты кеште Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен «Мінсіз қызметі үшін» I және III дәрежелі медальдарі мен түрлі салада тер төгіп жүрген жандарға Ұлытау облысының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді. Жалпы мереке аясында 30-дан астам азамат марапатталып, олардың ел алдындағы елеулі еңбегі жоғары бағаланды.

«3126 / Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Мінсіз қызметі үшін» медаліьмен марапатталдым.Осындай бүгінгі өтіп жатқан іс-шаралар үшін,үлкен концерт үшін барлық әскери қызметшілердің атынан Ұлытау облсының әкімдігіне алғысым шексіз. Барлығы менің еңбегім деп ойлаймын.Барлық әскери қызметшілерді осы күні мерекесімен құттықтаймын!Еліміз тыныш болсын,жұртымыз аман болсын,әскери қызметшілердің мәртебесі өсе берсін!»

— Динара Абдрахманова, «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ ші дәрежелі медалінің иегері

«3129 / Астана қаласынан ауысып келдім осында қызметтік бабыммен Ұлытау өңіріне.Ұлытау облысы қорғаныс істері департаментінде мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің лауазымын уақытша атқарушы аға сержант,осы офицерлік лауазымға тағайындалдым 2025 жылы қорғанс министрінің 1ші орынбасарының бұйрығымен осында тағайындалдым Ұлытау өңіріне.Барлық әріптестеріме 7 мамыр күнімен отан қорғаушлыар күнімен құттықтап,тек жақсылық тілеймін,отбасыңызда тыныштық береке болсын!Тәуелсіздігіміз баянды болсын!»

— Нұрсұлтан Тұрсынбаев, «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ ші дәрежелі медалінің иегері

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әскери оркестрдің орындауындағы патриоттық туындылар мен қазақ эстрадасының жарқын өкілі Қуандық Рахым шырқаған әндер жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты