Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Отандық өнім өндірушілерді қолдау – Мемлекеттің негізгі стратегиялық басым бағыттарының бірі. Аталған сала облыс аумағында да жүйелі жолға қойылған. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалында осы мақсатта кезекті жиын ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойылды.

Жиын күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: сауда саласындағы заңнаманың талаптарының сақталуы, отандық тауарларды дүкен сөрелерінде көрінетін орынға орналастыруды қамтамасыз ету. Бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да қолға алынбақ.

Жиын барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы мен сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, сонымен қатар сауда нысандарының өкілдері арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Құжат шеңберінде өңірдің бөлшек сауда желісінде отандық өнімнің үлесі артпақ.

Жиында шығарылған шешімдер меморандум аясына жүзеге асырылып, бақылауға алынбақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты