Жаңалықтар

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін қаламызда «Отбасы институтын қолдау орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Әлеуметтік маңызы зор жоба өңірде алғаш рет іске қосылып отыр.

Орталықтың ашылу рәсіміне қала тұрғындары, ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері қатысты.Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі.

Келген қонақтарға орталықтың негізгі бағыттары таныстырылды. Орталық мамандары отбасы институтын қолдау мақсатында құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңес береді. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарға бағыт-бағдар көрсетіп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға күш салады.

Мұнда заңгерлік кеңес беру, кешенді сүйемелдеу, әдіснамалық және ақпараттық-ағартушылық жұмыстар, талдау және мониторинг бөлімдері қызмет етеді. Сондай-ақ психолог кабинеті, ойын бөлмесі мен конференц-зал да қарастырылған.

«1620 / Менің мамандығым бойынша осы келген өтініштерді базаға тіркеп,ол базаға тіркегеннен кейін мамандарға жіберемін. Базаға бізге ішкі істер органдарынан келіп түседі өтініштер,жеке азаматтар да келіп бізге өздерінің өтініштерін тастап,біз өтініштерін қарап, керек мамандарға жібереміз.Ішкі істер органдарынан келген өтініштерге мобильдік тобымыз бар.Мобильдік топ өзіміз базаға тіркегеннен кейін баратын уақытымызды бәрін жазып, келісіп, үйіне барып,базамызға толтырып, келгеннен кейін әрі қарай жұмысымызды атқарамыз. Біздің заң аясында жауап береміз ол азаматшаларға»

— Әсем Қарабаева, «Отбасы институтын қолдау орталығының» кеңес беру және сүйемелдеу бөлімінің маманы

Жаңа орталық - тұрғындарға қолдау көрсететін маңызды әлеуметтік алаңға айналып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға серпін бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты