ӨТЕБАЙ БИ МЕН БАРЛЫБАЙ БАТЫР ТАҒЫЛЫМЫ

«Ұлы дала тарихындағы Ұлытау өңірінің XVII–XVIII ғасырлардағы көрнекті тұлғалары Өтебай би мен Барлыбай батыр тағылымы!» Аталған тақырыпта облыс орталығында халықаралық ғылыми мәдени, танымдық конференция өтті...
Қазақстанның Жаратылыстану ғылымдары академиясы мен Өмірхан Байқоныров атындағы Жезқазған университеті бірлесе қолға алған конференцияға - белгілі тарихшылар мен ғалымдар, Шығыстану саласының мамандары қатысты. Тағылымы мол конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев сәттілік тіледі.
Өтебай би мен Барлыбай батыр – заманында Ұлытау даласындағы тағдыршешті оқиғаларда кесім айтқан кесек тұлғалар. Бірі шешендігімен, бірі батырлығымен ел жадында қалған есімдерді жаңғырту – конференция көздеген негізгі мақсат.
Конференция қатысушылары – тасын түртсең тарих айтатын текті даладағы әр құлпытасты толықтай зерттеп, арнайы жинақ шығару керек деген пікірде...
Конференция қорытындысында Өтебай би мен Барлыбай батырды «жалпыұлттық тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс дайындап, Ұлытау облысының орталығында салынып жатқан жаңа шағын аудандар мен көшелерге Өтебай би мен Барлыбай батырдың есімдерін беру сынды бірқатар бастамалар көтерілді. Айта кетейік, конференция жайында біздің арнадаға «Жұма» тележурналында кеңірек тарқатылады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


