Жаңалықтар

«ОТЫРАР МҰРАСЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ»

«ОТЫРАР МҰРАСЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ»

«Отырар мұрасы: қалалық мәдениет, ғылым және руханият!» Өңірге – оңтүстік өлкеден аталған тақырыптағы көшпелі көрме келді. Қос тарихи мекеннің терең тамырлы байланысын нығайтуды көздеген тағылымды шара барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы Баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, Көрме көпшілікке арнайы таныстырылды...

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бірлесе қолға алған жобасының ғылыми тұрғыдағы маңызы зор. Мәдениет саласының жанашырлары мен тарихшы ғалымдар, археологтардың басын қосқан Баспасөз конференциясында – Көрменің ерекшелігі мен одан күтілер нәтиже кеңінен талқыланды.

Айта кетейік, қос өлке арасында бұдан 35 жыл бұрын да тарихи экспедиция орын алған. Осынша уақыттан кейін жалғасын тауып жатқан байланыстың Ұлытау мен Отырардың ғасырлар тоғысындағы өркениеті үшін де ерекше мәнге ие...

Конференцияда көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстар сала мамандарының назарында болмақ. Болашақта ұлытаулық делегация тарапынан да «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық- музейіне экспедиция жоспарланбақ...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты