ПАРАСАТ БИІГІНДЕГІ – 25 ЖЫЛ

Облыс орталығындағы №11 ші жалпы білім беретін мектебіне – 25 жыл! Сан түлекті самғатқан оқу ордасының мерейлі белесінде «Парасат биігіндеі – 25 жыл» атты мерекелік шара өтті...
2001 жылы алғашқы қоңырауы соғылған мектеп – ширек ғасыр уақыт бойы Жезқазғанның ілім-біліміне сүбелі үлес қосып келеді. «Нәтиже. Ынтымақ. Келешек», «Тарих беттерінен!» сынды бірнеше бағытты қамтыған оқу ордасының мерейтойы – мектеп ауласынан басталды. Ақшаңқаң Киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарға басымдық берілді...
Қара шаңырақтан қанат қаққан түлектердің әрісі республика, берісі өңір аумағында еселі еңбек етуде. Айтулы күнде – алтын ұяға түлектер мен қатар ардагер ұстаздар да арнайы келді. Мектеп басшылығы – бұл біз үшін үлкен мәртебе дейді...
Бүгінде бұл мектепте 1000 ға жуық бала ілім теруде. Оқушылар мен педагогтердің шығармашылығын дамыту, оқу сапасын арттыру бойынша бірнеше жобалар қолға алынған. Мектеп мерейтойына арнайы қатысқан білім саласының ардагерлері – Парасат биігіндегі 25 жылға оң бағасын берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


