Жаңалықтар

ПАУЭРЛИФТИНГ ТУРНИРІ

ПАУЭРЛИФТИНГ ТУРНИРІ

Жезқазған қаласында ARENA фитнес орталығының екі жылдығына арналған «Power Iron Cup 2» пауэрлифтинг турнирі өтті. Жарысқа Қарағанды, Сәтбаев және қаламыздың спортшылары қатысты. Күштік спорт түрінен өткен тартысты бәсекеде қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылып, спортшыларға өз шеберлігін әділ бәсекеде көрсетуге мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында спортшылар зілтемірді жатып, отырып және жерден көтерді.

«Бүгін біздің фитнес-орталағымыздың 2 жылдық мерейтойына орай «POWER IRON CUP 2» турнирін өткізіп жатырмыз. Жезқазған, Сатпаев, Қарағанды қалаларынан шамамен 30-ға жуық спортшылар қатысып отыр. Сайыстың жүлде қоры 300 000 теңге. Жарысқа жасөспірімдер мен бірге әуесқой спортшылар да қатысуда»

— Владислав Валевач, VVV POWER ARENA FITNESS директоры

Зілтемірді жатып көтеру жаттығуында ең төменгі нәтиже 80 келіні құраса, ең жоғары көрсеткіш 210 келіге дейін жетті. Ал отырып көтеру түрінде 95 келіден 280 келіге дейін жетті. Жарыстың ең тартысты кезеңдерінің бірі осы болды. Әйелдер арасындағы күш сынасуда Ким Екатерина үздік нәтиже көрсетті.

«VVV POWER ARENA» ұжымы пауэрлифтингпен айналысатын спортшыларға ауқымды іс-шара өткізіп отыр. Өзім бұл спорт түріне 1,5 жыл бұрын келдім. Дәл осы залда екінші рет өнер көрсетіп отырмын. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Жеңіске жету жолында менің бапкерім Александр Смирновтың көп көмегі тиді. Ол кісінің қарамағында 5 жылдан астам уақыт жаттығудамын. Алдағы уақытта басқа жарыстарда жүлделі орындардың иегері боламын деген үміттемін»

— Екатерина Ким, пауэрлифтингтен әйелдер арасында I орын иегері

Расында, соңғы кездері өңірімізде пауерлифтингтің жоғары дейгейде дамып келе жатқаны анық байқалады. Мұны фитнес клубтар мен жаттығу залдарына келген жастардан ақ көруге болады. Ұйымдастырушылар осындай турнирле жыл сайын тұрақты түрде өтіп тұратынын айтады

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты